Жумагазы Сагимбаев/Zhumagazy Sagimbayev

Страна : Казахстан / Kazakhstan

1951 жылдың 11 – қантарында Семей қаласында дүниеге келді. Сол жылы әке – шешесі Аякөз қаласына қоныс аударды. 1958 жылы Аякөз қалалық нөмірі 2 – ші қазақ орта мектебінде оқып, 1968 жылы 10 жылдық сыныпты бітірді.  

1970 жылы Алматы қаласындағы көркем сурет училищесіне түсіп, 1975 жылы аяқтады. 1976 жыл мен 1978 жылдар аралығында Сергиополь ауылдық мектебінде ұстаздық етеді. 

1978 жылдан Аякөз қаласында көркем сурет шеберханасын ашып, 1981 жылға деиін сол шеберханада еңбек етіп, кейін Алматы қаласына көшеді. Көп ұзамай, Халық шаруашылықтарының жетістіктері көрмесі мекемесіне суретші болып орналасады. 

1981 жылы Югославия мемлекетінде өткізілген Қазақстан күндері көрмесін көркемдеуге қатысады. 

1985 – 90 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік театр және коркемсурет институтында «Қолданбалы әсемдік өнер» мамандығын игеріп, оқуын бітіреді. 

Сөйтіп 1990 жылдан бастап аталған институтта дәріс береді. Шәкірттеріне металды өндеу техналогиясының түр – түрін және ағаш, тері, суйек өндеу әдісін пайдаланып, нағыз әдемі туындылар жасатады. 

Ұстаздықпен қатар жеке шығармашылық міндетінде атқарып отырды. Жұмыстары Семей, Атырау музейлерінде экспонат ретінде қабылданды. Алматы қаласының орталық музейінде Абай Құнанбаевтын 150 жылдық мерей тойына байланысты «Қара сөздер атты»  кітапты күміс  және асыл тастармен көмкеріп, мұқабасын жасап шықты. 

1996 жылы Жамбыл Жабаевтын 150 жылдық мерей тойына орай «Өлеңдер жинағы» кітабын асыл таспен көмкеріп, мұхабасын күмістен жасады. 

Ұстаздық еткен жылдары «Қазақстан» және «Таң» телеарналарында өнері жайында деректі фильмдер түсірілген, ол Қазақстан аймағы бойынша көрсетілген. Филімде зергерлік бұйымдармен қатар қазақтын дәстүрлі ағаш шеберлігі, тері өндеу және темір ұсталығы жолымен жасалған бұйымдары көрсетілген. 

2006 жылдан бастап жеке шығармашылығымен айналысып, өнер жолын шындауға, жетілдіруге бет бұрды. Графика және майлы бояумен картиналар жазып, шыгармашылық көрмелерге қатысты. 

Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументінің «Самрұқ құс» композициясының оюланған тәжісін орындады. 

Медетбек батырдың, Райымбек батырдың, Дінмұхаммед Қонаев мүсіндерін мыспен қаптап, выколодка әдісімен бейнесін шығарып ескерткіштерін орнатқан. 

Жұмағазы Сұлтанұлының графика техникасымен орындалған жұмыстарының беске жуығы Англиядағы Қазақстан елшілігі көрмесінде орын алды. 

Гратография әдісімен орындалған «Батырларды қолдаушы рухы» атты триптих жұмысы республикалық конкурста III орынды иеленді.   

Қазақ тарихын, дәстүрі мен өмірін суреттеген еңбектерімен танымал болып, III мәрте жеке шыгармашылық көрмелерін ұйымдастырған.